Ирак мұнайын Жерорта теңізімен экспорттайды

Ирак мұнайды Ормуз бұғазын айналып өтіп, Жерорта теңізі арқылы тасымалдауы мүмкін. Бұл Ливанның ұсынысы.

Егер бастама жүзеге асатын болса, Сирия мен Ливанның Триполи порты арқылы өтетін тарихи Киркук - Баниас мұнай құбырының жұмысы жанданбақ. Осы мәселені талқылау үшін жақын арада Ирак делегациясы Ливанға барады. Ирак ОПЕК-тегі екінші ірі мұнай өндіруші ел. Алайда Ормуз бұғазындағы жағдайдан кейін шикізат экспорты үш есе төмендеді.