Азия қор нарығы екінші күн қатарынан құлдырады
Азия қор нарығы екінші күн қатарынан құлдырады. Сеулдегі "КОСПИ" 6 пайыз құнын жоғалтқан.
Токиодағы "НиккЕй 225" 1 жарым, ал тайвандық "ТайЭкс" 4 пайызға төмендеді. Бұған басты себеп – технологиялық компаниялар акцияларының жаппай сатылуы. Микрочип өндірушілердің табысының өскеніне қарамастан инвесторлар жасанды интеллектіге арналған инфрақұрылым құрылысына қаржы салуға әлі де үлкен сақтықпен қарайды. Бұдан бөлек, мұнай бағасының қымбаттауы да IT-саладағы акциялардың құнына кері әсер етіп отыр.