Ирактағы жалғыз порт жұмысын тоқтатты

Ирактағы жалғыз Умм-Каср порты жұмысын тоқтатты. Associated Press агенттігігінің мәліметіне сүйенсек, АҚШ пен Иран арасындағы соғыс, Ормуз бұғазындағы текетірес және Иранның көрші елдерге жасаған шабуылдарының әсерінен порттағы айлақтар мен жүк алаңдары  қаңырап бос қалған.

Стратегиялық маңызы бар теңіз порты Ирактың оңтүстігінде, Парсы шығанағына жақын орналасқан. Дәл осы бағыт арқылы әлемдік теңіз жолдарына қосылады. Ормуз бұғазындағы жағдай коммерциялық кемелердің Ирак импортының басым бөлігі өтетін портқа жетуіне кедергі келтіріп отыр.