Испанияда суға кеткен мигранттар саны артты

Испанияның Сеута аралына теңіз арқылы заңсыз кірмек болған 67 адам қаза тапты. Босқындардың дені суға кетіп, көз жұмған.

Испания Премьер-министрі Педро Санчес оқиғаны мемлекеттік шекараны заңсыз бұзу деп бағалап, көші-қонды ұйымдастырып отырған қылмыстық топтар бар екенін мәлімдеді. Кейінгі екі күнде Африканың солтүстік жағалауында орналасқан аймаққа 60 мыңға жуық мигрант кірген. Қазір келімсектерді Мороккоға қайтару жұмысы жүріп жатыр.