Индонезияда 271 жолаушысы бар паром өртенді
Индонезия жағалауында жолаушылар паромынан өрт шығып, кемінде бес адам қаза тапты. Тағы 41 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр. Апат кезінде паром бортында 271 адам болған. Оның 225-і құтқарылды. Алдын ала мәлімет бойынша өрт кеме Сурабая портынан шыққаннан кейін бірнеше сағаттан соң басталған. Жалынның неден тарағаны әлі белгісіз. Тергеу басталды.