Трамптың мәлімдемесі мұнай бағасына әсер етті

Президент Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай арзандады. "Брент" маркасының бағасы 8 пайызға түсті. Баррелі шамамен 83 долларға сатылды. Ал америкалық WTI  5 жарым пайызға дейін төмендеп, 80 долларға саудаланды.

Қара алтынның бағасына ОПЕК+ ұйымының шешімі  де әсер етті. Альянсқа мүше елдер мұнай өндірісін тәулігіне 188 мың баррельге ұлғайтуға келісті. Осылайша, нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ниетті. ОПЕК+ ұйымы елдері өндірісті 6 ай қатарынан арттырып келеді. Алайда, сарапшылар: "Таяу Шығыстағы қақтығыс әзір реттелмейді" деген теріс болжам айтып жатыр. Сондай-ақ Еуропа да мұнай қоры таусылып барады. Қазір бары 58 пайызға да жетпейді.