Сеутада опат болған мигранттар саны артты

Испанияның Сеута аралына теңіз арқылы заңсыз кірмек болып, ажал құшқандар саны 94 адамға жетті. Босқындардың дені суға кетіп, көз жұмған.

Испания Премьер-министрі Педро Санчес оқиғаны мемлекеттік шекараны заңсыз бұзу деп бағалап, көші-қонды ұйымдастырып отырған қылмыстық топтар бар екенін мәлімдеді. Кейінгі аптада Африканың солтүстік жағалауында орналасқан аймаққа 60 мыңнан астам мигрант кірген. Қазір келімсектерді Мороккоға қайтару жұмысы жүріп жатыр.