Гватемалада Фуэго жанартауы атқылады
Гватемалада Фуэго жанартауы атқылады. Жергілікті билік қауіптің қызыл деңгейін жариялады. Аумақтан 2 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 5 уақытша паналау орталығы ашылып, тағы үшеуі дайындалып жатыр. 18 елді мекеннің тұрғындарына шұғыл эвакуациялау туралы ескерту берілді. Мамандар жанартау әлі де тыншымай тұрғанын айтады.