Германиядан пана сұраған мигранттар өтініші күрт қысқарды

Шілдеде түскен өтінім саны 4 мыңнан сәл асады. Бұл былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2 есе аз. Елдің Ішкі істер министрлігі осылайша көші-қон саясаты қатаңдатылғанын айтады. Жалпы ЕуроОдақ бойынша пана беру жүйесі жаңартылған. Сыртқы шекарада  қатал тексеру міндеті енгізілген. Неміс билігі шекара бойындағы бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр.