No comment: Сеутадағы ахуал
Испанияның Сеута қаласына теңіз арқылы заңсыз кірмек болған 141 адам қаза тапты. Босқындардың дені суға кетіп, көз жұмған.
Бұл туралы қала мэрі Хуан Хесус Вивас мәлімдеді. Кейінгі аптада Африканың солтүстік жағалауында орналасқан аймаққа 65 мыңға жуық мигрант кірген. Қазір келімсектерді Мороккоға қайтару жұмысы жүріп жатыр.