Үндістанда найзағай түсіп, 20 адам көз жұмды

Үндістанның Джаркханд штатында найзағай түсіп, 20 адам мерт болды.

"Синьхуа" агенттігінің хабарлауынша, құрбандардың 11-і Гиридих округінің тұрғындары. Олар ауыл шаруашылығы алқабында жұмыс істеп жатқан. Синоптиктер мұхиттан соққан күшті жел аймаққа жауын-шашын мен дауыл әкелді дейді. Метеорологтардың болжамы көңіл көншітпейді. Олар желдің екпіні сағатына 50 шақырымға дейін күшейеді деп ескерткен. Сондықтан билік адамдарды ашық жерде жүрмеуге және кенеттен күн бұзыла қалған жағдайда талдарды паналауға шақырды. Айта кетейік, былтыр осы штатта найзағай салдарынан 200-ден астам тұрғын көз жұмған еді.