Мұнай тасымалдаудың балама бағыттары қаралып жатыр

Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесі арқылы жылына шамамен 1,2 млн тонна мұнай тасымалданады. Алда көрсеткіш көбеймесе кемімесі белгілі.

Әзербайжан билігі қабылдау көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға бейілді. Шілдеде Каспий Құбыр Консорциумы арқылы мұнай тасымалдауға шектеу қойылды. Қазір Қазақстан қара алтынды балама бағыттарға бұрып жатыр. Бұл жайлы Энергетика министрінің кеңесшісі - ресми өкілі Әсел Серікпаева мәлімдеді. Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесі мен Каспий теңізі арқылы Әзербайжан бағыты, сондай-ақ Баку - Супса бағытында тасымалдау қарастырылады.