Мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалды

Ливияның Завия қаласында мұнай өңдеу зауытына дронмен соққы жасалды. «Рейтердің» хабарлауынша, шабуыл соңы алапат өртке ұласқан.

Ливияның Ұлттық мұнай корпорациясы кейінгі 2 күнде осындай 3 соққының жасалғанын мәлімдеді. Ұйым шабуыл жалғаса берсе, мұнай өңдеу зауытындағы жұмысты біржола тоқтатуға мәжбүр болатынын айтқан. Соққыларды ешкім өз мойнына алған жоқ. Мұны Ливия билігі де айта алмай отыр.