Англияның көп бөлігін құрғақшылық жайлады
Англияның төрттен үш бөлігі, яғни ел аумағының 70 пайыздан астамы құрғақшылыққа ұшырады. Бұны Ұлыбритания үкіметі хабарлады. Қуаңшылық жайлаған аймақтарда 45 милллионға жуық адам тұрады.
Соның ішінде 27 милллион тұрғынға ауыз су жетпеуі мүмкін. Ұзаққа созылған аптап ыстық пен жауын-шашын тапшылығынан биылғы шілде ел тарихындағы ең құрғақ айға айналған. Билік халықты суды үнемдеуге шақырып әлек. Сонымен қатар шаруалар үшін қосымша шаралар қабылданғалы жатыр.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, диқандарға алқабын суару үшін қойма салу талабы жеңілдетілмек. Өйткені өзендер мен қоймалардағы су мөлшері барған сайын азайып жатыр.