Румынияда АЭС жұмысы уақытша тоқтатылады

Румынияда Чернаводэ атом электр станциясы жұмысын тоқтатады.

Бұған Дунай өзенінің тартылуы себеп. Оның суы салқындату жүйелері үшін пайдаланылып келген. Бұған дейін екі реактордың бірі жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Енді ел үкіметі тамыз айына энергетикалық төтенше жағдай жариялап, тұрғындар мен кәсіпорындарды электр энергиясын мүмкіндігінше үнемдеуге шақырды. Айта кетейік, Чернаводэ қаласындағы атом электр станциясы Румыниядағы жалғыз әрі ең ірі электр энергиясын өндіруші нысан.