Еуропада аптап ыстық күшейіп, ауруханаларға жүктеме артты

фото: bbc.com

Еуропада аптап ыстықтың жаңа толқыны басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Ұлыбритания, Франция, Италия және Испанияның кейбір аймақтарында ауа температурасы 40 градустан асып, жаңа өрттер мен құрғақшылыққа себеп болып отыр,

Швейцария, Австрия және Венгрия сияқты ыстық ауа райына үйренбеген елдерде де температура әдеттегіден әлдеқайда жоғары.

Ұлыбританияда метеобақылау тарихындағы ең ыстық бесінші күн тіркелді. Францияның кейбір аймақтарында ауа температурасы 42 градустан асты.

Ауруханаларда ыстық өту жағдайлары көбейіп, Ұлттық денсаулық сақтау қызметі жағдайды реттеуде қиындықтарға тап болды. Парижде ауа температурасы 38 градусқа жетті. Елдің басым бөлігінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды.

Италияда синоптиктердің болжамынша, осындай жоғары температура 29 миллион адамға әсер етуі мүмкін. Испанияда аптап ыстықтан қазірдің өзінде шамамен 25 миллион адам зардап шекті. Елде ауа температурасы 37 градусқа дейін көтерілді.

Аптап ыстық Еуропаның түкпір-түкпірінде орман өрттерінің таралуына себеп болды. Грекияның солтүстігінде өрт екі танымал курортқа жақындағаннан кейін, жүздеген турист қайықтармен эвакуацияланды.