Аустралияда қару тапсырғандарға өтемақы төленеді

Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында қару-жарақ тапсырған тұрғындарға өтемақы беріледі. 

Әр тапанша үшін 1 мың аустралиялық долларға дейін төленеді. Бұл – шамамен 330 мың теңге. Қазір елде бір азаматтың төрттен артық қару ұстауына рұқсат жоқ. Былтыр желтоқсан айында Сиднейде атыс болған еді. Ол кезде 15 адам қаза тапты. Оқиғадан кейін өңірде заңнама қатаңдатылып, қару сақтау шектелді. Енді Үкімет жаңа ережені Аустралияның басқа штаттарында да енгізуді жоспарлап отыр.