Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқан адам саны 53-ке жетті
Индонезияның шығысында жер сілкінісінен 53 адам опат болды.
Тағы жүзден астамы жарақат алған. Қазір апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірдегі жалғыз аурухана да қирап қалған. 7,7 балдық зілзала салдарынан 1300 үй құлап, жарықсыз қалды. 5 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Айта кетейік, Индонезия Тынық мұхитының "Отты белдеу" деп аталатын сейсмикалық белсенді аймағында орналасқан. Сондықтан бұл елде жиі жер сілкініп, жанартау атқылайды.