С. Бессент: Иранмен соғыс шешуші кезеңге өтті
"АҚШ пен Иран арасындағы соғыс шешуші кезеңге өтті".
Құрама Штаттардың Қаржы министрі Скотт Бессент осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, Вашингтон енді негізгі екпінді экономикалық қысымға түсірмек. Нақты шаралар тізімі бүгін жариялануы тиіс. Бессент "Тегеранның мұнай саудасы мен сырттан қаржы тарту жолдарын барынша шектеу үшін барлық мемлекеттік тетік іске қосылады" дейді. Ислам Республикасымен сауда байланысын жалғастырған шетелдік компанияларға да шектеулер енгізілуі мүмкін. Ал ресми Тегеран мұндай қадам екі ел арасындағы жағдайды одан әрі ушықтырады деп отыр. Сондай-ақ санкцияларды қолдаған мемлекеттердің әрекеті соғыс қимылы ретінде бағалануы мүмкін екенін ескертті.