No comment: танго биінен әлем чемпионаты

Аргентинада танго биінен әлем чемпионаты басталды. Буэнос-Айрестегі жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген қатысушы жиналды.

Биыл бұл дода 24-ші рет ұйымдастырылды. Екі аптаға созылатын фестивальда бишілер салондық танго және сахналық танго деп аталатын екі санат бойынша бақ сынайды.