Ресейде газ-химия кешені өртенді
Ресейдің Амур облысында газ-химия кешенінен өрт шығып, 133 адам жарақат алды.
Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Зардап шеккендердің 19-ы ауруханаға жатқызылды, алтауының жағдайы ауыр. Тағы бір мердігер ұйымы-ның қызметкері, Қытай азаматы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өрт пиролиз қондырғысының қосалқы учаскесінде тұтанған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.