Непалда құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды
Непалда тасқыннан зардап шеккен аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылды.
Қытаймен шекаралас аумақта көшкін салдарынан пайда болған көл арнасынан шыға бастады. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Непалдың Расува ауданының тұрғындары су деңгейінің одан әрі көтерілу қаупіне байланысты дөң басына шығып, амалдап жатыр. Билік шекара маңындағы бөгеттің бұзылуынан қауіптеніп отыр. Осыған байланысты құтқарушылар мен ауыр техникалар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Екі күн бұрын болған алапат тасқын 500-ге жуық адамның өмірін қиды. 1 мыңға жуық азамат ұшты-күйлі жоғалды. Табиғи апатқа Гималай тауындағы мұздықтардың еруі себеп болған.