АҚШ шекарашылары екі миллион долларға робот-иттерді сатып алады

АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметі робот-иттерді қолданбақ.

Құлтемірлер қауіпті және жетуі қиын жерлерді тексеруге пайдаланылады. Сондай-ақ олар барлау жасап, қауіп-қатерді бағалай алады. Құрылғылар жоғары сапалы панорамалық камера және прожектормен жабдықталған. Роботтарға қару орнатылатыны туралы ақпарат жоқ. Келісім-шарт құны шамамен 2 миллион доллар болады. Оны жыл соңына дейін жасау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: