БҰҰ: Непалда 65 мың адамға шұғыл көмек қажет

Непалда табиғат апаты салдарынан 19 мектеп бүлінген. Оның тоғызын су шайып кеткен. Ұйым өкілдері 107 бала ата-анасы немесе қамқоршысынан ажырап қалғанын хабарлайды.

Іздеу-құтқару жұмыстарына бүлінген жолдар кедергі келтіріп отыр. Жалпы мұнда 65 мың адам шұғыл көмекке мұқтаж. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Жергілікті полицияның кейінгі мәліметіне қарағанда, елдегі алапат тасқыннан опат болғандар саны 955 адамға жеткен. Тағы 4 мыңға жуығы жоғалып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз: