Кубада дағдарысқа қарамастан сабақ басталды

Кубада энергетикалық дағдарысқа қарамастан жаңа оқу жылы уақытылы басталды.

Рейтер агенттігінің дерегі бойынша, биыл бұл елде 1 жарым млн оқушы сабаққа барды. Десе де, білім саласында шешілмеген мәселе көп. Жанармай мен электр энергиясы қат. Бұдан бөлек мамандар тапшы. Ахуал әсіресе Гаванада қиын. Сондықтан билік шығыс өңірлерден бас шаһарға 3 мың мұғалім жіберуге ниетті. Кубада былтыр оқу жылы мерзімнен бұрын аяқталған еді. Оған АҚШ президенті Дональд Трамптың аралды елге экономикалық қыспақты күшейтуі себеп. Мұнай жеткізу мен қаржылай көмек көрсетуге тыйым салынған. Салдарынан қазір Куба халқы апталап жарықсыз отырады.

Сондай-ақ оқыңыз: