Торонтода қуатты дауыл соқты

Канаданың Торонто қаласы мен Онтарионың оңтүстігінде қатты дауыл соқты. Нөсер жаңбырдан көшелерді су басып, ағаштар құлап, электр желілері зақымданды.

Салдарынан 65 мыңға жуық үй мен нысан жарықсыз қалды. Көлемі гольф добындай болатын бұршақ жауып, көп көлікті тас-талқан етті. Мамандар электр желілерін қалпына келтіруге біраз уақыт керек деп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: