АҚШ Африкаға бөлетін қаржысын қысқартады
АҚШ Африка елдеріне бөлетін жыл сайынғы қаржысын екі есе қысқартуға ниетті. Яғни 15 елдің денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 2030-шы жылға дейін төмендеуге тиіс. Вашингтон негізінен медицина қызметкерлерінің жалақысы мен дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалатын шығындарды қысқартпақ. Енді бұл міндетті Африка елдерінің өздері атқарып, өздері қаржыландыруы керек. Бірақ АҚШ денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, цифрландыру және эпидемиологиялық бақылауды қолдауды жалғастыра бермек.