Нью-Йорк мектептерінде ЖИ-ге тыйым салынды
Нью-Йорк билігі мемлекеттік мектептерде генератив жасанды интеллектіні пайдалануға тыйым салды. Бұл шектеу уақытша. 1 жылға дейін күшінде болады. Тыйым 8 сыныпқа дейінгі 600 мыңдай оқушыны қамтиды. Шешімді қала мэрі Зохран Мамдани қабылдаған.
Ол: "Балаларға білім алып, даму үшін шынайы педагогтар қажет" деген. Шаһардың білім басқармасы шектеудің пайдасы, технологиялардың балалардың оқу үдерісіне әсері бойынша мониторинг жүргізіп отырады. Ал 9-12 сынып оқушылары үшін жылына 2 рет жасанды интеллектіні дұрыс пайдалануға арналған сабақ өткізілмек.