Еуропада семіздікке шалдыққандар көбейді

Кейінгі алты жылда Еуроодақта семіздікке шалдыққан адамдардың үлесі рекордтық көрсеткішке жетті. Шамамен 16 пайыз ересекте дене салмағы индексінің жоғары екені анықталған.

Олардың үштен бірінде артық салмақ бар. Бұл мәселе, әсіресе, ер адамдар арасында кең тараған. «Адамдар аз қимылдап жоғары калориялы өнімдерді көп тұтынады дейді», - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері. Семіздік деңгейі ең жоғары ел Мальта. Одан кейін Латвия мен Финляндия тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Италияда тіркелген. 

Сондай-ақ оқыңыз: