Қытайда тасқын құрбандарының саны артты
Қытайдың шығысындағы тасқын мен лай көшкінінен үш адам опат болды. Тағы 9 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Цзянси провинциясында Саудель тайфунынан кейін бірнеше күн толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты. Өзендер тасып, тұрғын үйлер қираған. Билік іздеу-құтқару операциясына 600 маманды жұмылдырды. Жалпы Қытайда қыркүйек айы басталғалы 7 дүлей дауыл соққан. Үкімет апат салдарын жоюға шамамен 31 млн доллар бөлді.