Amazon жүк тасушы ұшағы апатқа ұшырады 

Америкалық Amazon компаниясына тиесілі жүк тасушы ұшақ апатқа ұшырады. 5 адам көз жұмды. Тағы 5-еуі ауыр жараланған.

Ұшақ Майами халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, маңайдағы қоймалар мен қосалқы жолды кесіп өткен. Жеңіл көліктерге соғып, кейін өртенген. Қазір апатқа байланысты бірқатар рейс тоқтатылды. Оқиға орнында 200-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр. 

Майами билігінің мәліметі бойынша, апаттың нақты неден болғаны әзірге білгісіз. «Дегенмен күн райы әсер етуі ықтимал», - дейді метеорологтар. Өйткені сол мезгілде найзағай ойнап, дауыл тұрып, желдің екпіні сағатына 48 шақырымға дейін жеткен. 

Сондай-ақ оқыңыз: