Әлемдік нарықта мұнай бағасы күн сайын қымбаттап барады
Brent маркалы қара алтынның құны барреліне 97 доллар, ал WTI 92 долларға саудаланып жатыр. Нарықта бағаның бұлай құбылуына АҚШ пен Иранның мұнай танкерлеріне жасаған шабуылдары себеп.
Ормуз бұғазындағы жағдай әлі тұрақталған жоқ. Кейінгі 10 күн ішінде тәулігіне не бары 10 кеме өткен.
Сарапшылардың болжамы бойынша, бұл жағдай келер жылдың көктеміне дейін жалғасуы мүмкін.