Непалда опат болғандар саны 1398-ге жетті

Непал мен Тибет шекарасында опат болған адам саны 1398-ге жетті. Тағы 5 мыңнан астамы ұшты-күйлі жоқ. Олардың арасында жүздеген шетел азаматы бар.

Апаттан кейін елде ұлттық аза тұту күні жарияланды. Қазір апат аймақтарында 20 мың құтқарушы күні-түні тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Бірнеше күн бұрын су басқан жертөледен жұмысшылар аман шығарылған еді. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 26 тамызда болған. Алдын ала болжам бойынша, апатқа мұздықтардың еріп, тасқынға ұласуы себеп. 

Сондай-ақ оқыңыз: