Ресейде 11 альпинист опат болды

Кабардин-Балқар тауларында бір күнде 11 альпинист опат болды. Тағы алтауы ізім-қайым жоқ. Өңірлік Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 33 альпинист шыңға шықпақ болған. 

Кейін күн райы күрт бұзылып, қар көшкіні жүрген. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған төтенше жағдайлар қызметінің 56 маманы тартылған. Жауаптылар өңменнен өтер ызғырық жел мен көшкін қаупі шың басындағы құтқару жұмыстарын қиындатып отыр дейді.

Сондай-ақ оқыңыз: