Гавай аралдарына жойқын дауыл жақындады
АҚШ-тың Гавай штатына жойқын дауыл төніп тұр. Бұл 3-ші санатты Лоуэлл дауылы. Мамандардың мәліметі бойынша, алда жаңбыр жауып, қатты дауыл тұруы мүмкін. Арты тасқынға ұласу қаупі бар.
Жел екпіні сағататына 185 шақырымға дейін жетеді. Қауіпке байланысты Гавай аралдарында төтенше жағдай жарияланды. Мектептер мен мемлекеттік мекемелер уақытша жабылды. Жергілікті тұрғындарға қатаң ескерту жарияланды. Әсіресе Кауаи және Ниихау аралдарына қауіп төніп тұр. Мұнда 70 мыңнан астам адам тұрады.