Босниядағы алапат өрт Хорватияны шарпыды

Боснияны шарпыған алапат орман өрті көршілес Хорватияға жетті. Шекарада 14 мың гектар алқап жанып жатыр. Босния және Герцеговинадағы өртті сөндіруге тікұшақтар тартылған. Сондай-ақ 30 әскери қызметші жұмылдырылды.

Қазір өртті сөндіруге жел ұйытқып кедергі болып тұр. Еуропалық бақылау қызметінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері бұл аймақта 200-ден астам өрт шығып, 40 мың гектар алқап жанып кеткен.  

Сондай-ақ оқыңыз: