Еуроодақта баспана бағасы шарықтап тұр
Еуроодақ елдерінде қолжетімді баспана табу қиындап барады. Бұған ұзақ мерзімге жалға берілетін тұрғын үйлердің азаюы себеп. Әсіресе туристер көп келетін қалаларда пәтерлерді қысқа мерзімге беру көбейген.
Соның салдарынан олардың бағасы қымбаттап, жергілікті тұрғындарға баспана табу қиындаған. Адамдар биліктен мәселені шешу үшін шұғыл әрекет етуді талап етіп жатыр. Мамандар болса, баспана тапшылығы халыққа да, экономикаға да кері әсер ететінін айтады. Еурокомиссия дағдарысты еңсеру үшін бірқатар шара ұсынды. Енді олар Еуропарламент пен ЕО Кеңесінде талқыланады.