БҰҰ: Хуситтер тарапынан қауіп күшейді 

Бірікккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Йемендегі жағдай бойынша шұғыл отырыс өткізді. Бұған хуситтер тарапынан төнген қауіптің күшеюі себеп. Қарулы топ Баб-эль-Мандеб бұғазы маңындағы Моха портын қарауылға алған.

Ал бұл бағыт арқылы Сауд Арабиясы мұнай экспорттайды. Сонымен қатар хуситтер бұл елдің оңтүстігін зымыранмен атқылап, әуе шабуылдарын үдетті. Атқылаудан көбіне бейбіт халық зардап шегіп жатыр. Бұған жауап ретінде Рияд қарулы топқа қарсы соққылар жасауға көшті.

Ал дерекке сүйенсек, кейінгі бір аптада хуситтердің шабуылынан 500 адам қаза тауып, 18 мыңдай тұрғын босып кеткен. Сауд Арабиясында 73 тұрғын зардап шекті.    

Сондай-ақ оқыңыз: