Анкарада өнерпаздар Тәттімбет рухына тағзым етті
Шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының өнерін дәріптеп жүрген дәстүрлі қазақ оркестрі Анкарада ұлы күйшінің ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етті.
Арқаның күй өнерін Түркия төрінде әуелеткен өнерпаздар Тәттімбет мұрасына деген құрметін осылай білдірді. Рәсімге жергілікті әкімдік өкілдері мен еліміздің зиялы қауымы қатысты. Іс-шара барысында Тәттімбеттің күйі күмбірлеп, Арқаның сазы Анкара төрінде әуеледі.
Айта кетейін, Түркия астанасында күйшінің туғанына 200 жыл толуына орай ашылған саябақта 2023 жылы еңселі ескерткіші бой көтерген. Содан бері Түркия астанасына барған қазақ өнерпаздарының Тәттімбет атындағы саябаққа арнайы ат басын бұрып, рухына тағзым етуі игі дәстүрге айналған.
Жақсыкелді Кемалов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің оқытушысы:
- Қазір қарап тұрсаңыз мінеки, артында осы жердің музыкалық колледжі тұр. Бұл жерге де ол тегін қойылған жоқ. Енді артындағы анау музыкалық бірімен бірі қарым-қатынаста, байланыста. Негізі келешекте бұл колледж бен Қазақстандағы колледждер араласып жатса, тіпті нұр үстіне нұр болады.