Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 6 адам опат болды

Бұл туралы «Рейтер» жазды. Тағы 129 кісі әлі таптырмай отыр. Аяқ астынан күн райы бұзылып, дүлей дауыл соққан. Ішінде 243 адамы бар кеме кеше жоғалып кетті. «Содан бері 108 адам құтқарылды», - деп хабарлады Индонезияның Құтқару агенттігі.

Аман қалғандардың бірі кеме бір жағына қарай қатты қисайып, бірнеше минут ішінде аударылып кеткенін айтады. Ол құтқару кеудешесін киіп үлгерген. Өткен айда Индонезияның Мадура және Бали аралдарында 2 кеме отқа оранып, 6 адам жан тапсырды.  

Сондай-ақ оқыңыз: