«Орта дәліз» жобасына €12 млрд бөлінеді

Еуропалық Одақ «Орта Дәліз» жобасын дамытуға 12 миллиард еуро көлемінде инвестиция құяды. Қомақты қаражат одақтың «Жаһандық қақпа» бастамасының аясында мемлекеттік және жеке секторларға бөлінбек. Бұл жөнінде Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

Оның айтуынша, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияны Еуропамен байланыстыратын жоба келешекте халықаралық сауда жолдарын кеңейтуге, жүк тасымалын 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. «Орта дәліз» аталып кеткен Транскаспий халықаралық көлік жолы – Қытайды Орталық Азия, Кавказ, Түркия, сондай-ақ Шығыс Еуропа арқылы Еуропалық одақпен байланыстыратын теміржол контейнерлік жүк тасымалдау желісі. Қазір ежелгі «Ұлы жібек жолының» заманауи жалғасы ретінде көрініс тапқан. 

Сондай-ақ оқыңыз: