Иран мен Франция өкілдері келіссөз жүргізді
АҚШ-та Иран мен Франция өкілдері бірін-бірі сынға алды. Екі елдің Сыртқы істер министрлері Аббас Арагчи мен Жан-Ноэль Барро Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы аясында кездесіп, келіссөз жүргізді.
Бұған дейін ресми Тегеран Франция елшілігінің тіл үйрету орталығына заңсыз қызмет етті деген айып тағып, жауып тастаған еді. Ресми Париж мұны елдің мәдени ықпалына жасалған соққы деп бағалады. Кездесу барысында Аббас Арагчи Францияны Иранның ішкі істеріне араласпауға және заңдарын құрметтеуге шақырды. Өз кезегінде Жан-Ноэль Барро Тегерандағы француз саясаткерлеріне жасалған шабуылдарды айыптап, Франция өкілдері мен нысандарының қауіпсіздігіне кепілдік талап етті.