Эбола безгегімен күреске дәрігер жетіспей жатыр
Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін дәрігерлер мен медицина мамандары жетіспей жатыр.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Қазір елде осы бағытта 49 емхана мен 25 зертхана бар, бірақ оларда жұмысты жүргізу үшін маман тапшы. Бұдан бөлек дәрігерлердің жалақысы уақытылы төленбейді. Оларға жергілікті тұрғындар тарапынан шабуыл күшейген. Кейінгі 3 аптада Солтүстік Киву провинциясында Эбола жұқтырғандар саны 73 пайызға артты. Жалпы елде 7820 жағдай тіркеліп, 3779 адам індеттен көз жұмды.