Қытайда 354 мың робот жасалды
Қытай өнеркәсіп роботтарын өндіру бойынша әлемде көш бастап тұр. 2025 жылы көрші елде 354 мың құлтемір жасалып, пайдалануға берілген. Бұл ғаламдық робот өндірісінің 59 пайызы.
Мұндай мәліметті Франкфурттегі Халықаралық робот техникасы федерациясы жариялады. Қытайда роботтар электр желісі, электроника, автомобиль жасау, металл өңдеу және машина жасау салаларына кеңінен енгізілген. Сарапшылар: «Демографиялық өзгерістер мен жұмыс күшінің тапшылығы роботқа деген сұранысты арттырып отыр», - дейді.