АҚШ Иранның ұсынысын қабылдамады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ормуз бұғазын қайта ашу туралы ұсынысын қабылдамады.

Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады. Тегеран бұл ұсынысты Вашингтонға араағайын елдер арқылы жеткізген еді. Иран бұғазды ашу үшін санкцияларды алып тастауды, бұғатталған активтерін қайтаруды және теңіз блокадасын тоқтатуды сұраған. Шарттар орындалған жағдайда, Иран Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын бір апта ішінде қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді. Алайда Трамп бұл ұсынысты кері қайтарды. Тіпті қарашада Конгреске аралық сайлаудан кейін Иранға қарсы әуе шабуылдарды қайта бастауды қарастырып жатқанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз: