Бангкокта төтенше жағдай жарияланды

Бангкокта төтенше жағдай жарияланды. Таиланд астанасының барлық 50 ауданында ерекше режим енгізілді. Кейінгі 4 күнде жауын тоқтамай тұр. Үйлерге су кіріп, тасқын көліктерге дейін ағызып әкетті.

Бангкок губернаторы Чадчарт Ситтипунт адамдардың өміріне қауіп төніп тұр деп хабарлады. Оның айтуынша, әлі де жаңбыр жауады. Шаһарға сарбаздар тартылып, уақытша паналау орталықтарын құрған. Жұрт тамақты далада ішіп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: