Миллиардерлер Ақ үйге жиналды. LIVE

Бірер сағат бұрын Ақ үйге Илон Маск пен Марк Цукерберг бастаған миллиардерлер һәм технология алпауыттарының басшылары жиналды.

Дональд Трамппен кездескен компания өкілдері жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі келісімге қол қойды. Президент технологияның атауын да өзгерткенін қайта қайта еске салды. Енді АҚШ билігі «жасанды интеллект» орнына «суперинтеллект» атауын қолданбақ. Бұл кездесу неге қазір өтті, онда не талқыланды, келісімнің жай-жапсары қандай?

Кездесуде қандай шешімдер қабылданды?

Ердана Ержанұлы, тілші:

- АҚШ Конгресінің аралық сайлауы жақындаған сайын ел ішінде Жасанды интеллектінің қаншалықты қауіпсіз екендігіне қарсы сұрақ көбейіп, саяси додаға түскен кандидаттардың да, Ақ үйдің де “мазасы кетті”.   

Себебі ЖИ агенттер адамның бақылауынсыз өз бетімен шабуыл жасап, кей сайттар мен компаниялардың қабат-қабат қорғанын бұзған кейстер тіркеле бастады. Тіпті “адамзат түбіне жететін технология” деп қара аспанды төндіргендер де көбейді. Әрі ЖИ-дің жұмысы үшін аса маңызды Дата центрлердің гуілінен бастап, қоршаған ортаға келтіретін зиянына дейін алаңдайтындар қатары артты. Онсыз да Ирандағы соғыстың бітпеуі мен жанармай бағасының өсуінен ұпайы кеміп жатқан республикашылдар партиясы сайлауда жеңіліп қаламыз ба деп, Трампқа қарайлап келеді. Бүгін Президент Ақ үйге жетекші техникалық алпауыт компаниялардың бастықтарын жинап, жиын өткізіп, ЖИ-ді Қауіпсіз етудің жолдарын талқылады. Талқылап қана қоймай, келісімге келіп, қол қойды. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

«Меніңше, Жасанды интеллектімен айналысатын компаниялар өз жұмысын қатаң бақылап отыр. Олар мұны өздері істеуге тиіс. Өйткені сырттан келген адамның осы жүйелерді түсініп, тексеруі өте қиын. Бұл жүйелер өте күрделі. Мен олардың халқымыздың игілігіне қызмет ететініне сенемін. Ал теріс мақсатта қолданылса, кінәлілерді анықтап, ұстай аламыз. Дегенмен, компаниялардың өз жұмысын өзі бақылауы үлкен роль атқарады. Біз шамамен он адамнан тұратын комитет құруды да ойластырып жатырмыз. Оның құрамына осы топтың өкілдері кіруі мүмкін. Комитет бүкіл саланың жұмысын қадағалай алады». 

Ердана Ержанұлы, тілші: Енді сол келісімнің мазмұнына тоқталсақ.

Ақ үйдегі жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі келісім

Жасанды интеллектінің қауіпсіз жұмыс істеуін бақылау

Бақылау шараларын тексеретін ішкі топ құру

Тәуелсіз мамандарға тексерту

Тексеру нәтижелерін қадағалайтын тәуелсіз комитет құру

Бірінші тармақ. Компаниялар жасанды интеллектіні әзірлеу және қолдану кезінде оның көзделгендей жұмыс істеуін бақылауға міндеттенді. Бұл арқылы кибершабуыл, биологиялық және химиялық қауіптерге, компьютерлік жүйелерге рұқсатсыз кіруге жол бермеу көзделген. Одан соң әр компанияның өз ішінде арнайы ішкі топ құрылмақ. 

Ол осы бақылау шараларының дұрыс жұмыс істейтінін тексеріп, кемшіліктердің түзетілуін қамтамасыз етеді. Компаниялар бұл шараларды сырттан тәуелсіз мамандарға да тексертеді. Ал директорлар кеңесінде құрылатын тәуелсіз комитет олардың есептерін қарап, анықталған мәселелердің шешілуін қадағалайды. Қатысушылар тұрақты кездесіп, ортақ қауіпсіздік талаптарын әзірлемекі. Бұл әзірге заңмен міндеттелген талап емес, компаниялардың ерікті міндеттемесі. Құжатқа Трамппен қатар Google, Anthropic, Meta, OpenAI, xAI және NVIDIA өкілдері қол қойды. 

Ердана Ержанұлы, тілші:

- Сондай-ақ компаниялар деректер орталықтары орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен де бірлесіп жұмыс істемек. Трамптың айтуынша, бұл энергиямен қамту, білім беруге қолдау көрсету немесе мұғалімдер мен тұрғындарға қаржылай көмектесу формасында болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: