ХХ Жазғы Азия ойындары аяқталды

Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында ХХ Жазғы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты өтті.

Жабылу салтанатында елдің көк туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты. Биылғы Азия ойындарында құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық атлет 469 медаль жиынтығын сарапқа салды. Аичи-Нагоядағы Азия ойындары 1958 жылы Токиода және 1994 жылы Хиросимада өткен жарыстардан кейін Жапонияда ұйымдастырылған үшінші Азия ойындары болды. 35 спорт түрінен 558 отандасымыз жарыс жолына шығып, 84 жүлде жеңіп алды. Келесі Азия ойындары 2030 жылы 4-19 қараша аралығында екінші мәрте Катар астанасы Доха қаласында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз: