Трамп Канадаға қатысты мәлімдеме жасады  

АҚШ президенті Дональд Трамп Канадамен сауда келіссөзін қайта бастауға асықпайтынын айтты. 

Ол көрші елді бірнеше жыл бойы әділетсіздікке жол берді деп айыптап отыр. Вашингтон екі арадағы сауда қатынасын қайта қарау бойынша кездесулерді биыл тамыз айында тоқтатқан еді. Канада премьер-министрі Марк Карнидің мәлімдеуінше, АҚШ келіссөз кезінде жаңа талаптар қойған. Ал америкалық тарап ресми Оттава соңғы сәтте кедендік баждарға қатысты қосымша жеңілдіктер талап еткенін алға тартады. Осыдан кейін екі ел бір-біріне қосымша баж салығын енгізген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: