Нигерия 3 күн аза тұтады
Қаралы күн әскери ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты жарияланған, деп хабарлайды «24KZ».
Кейінгі ақпарат бойынша қайғылы оқиғадан 25 адам қаза тапты. Бүкіл ел бойынша тулар төмен түсірілген. Апат Нигерияның оңтүстігінде болды. Лайнер жоспарға сәйкес рейске шыққан. Әуе диспетчерлері көкке көтерілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң ұшақпен байланыс үзілгенін айтады. Содан көп ұзамай оның әскери-теңіз базасының маңында құлағаны белгілі болды. Әзірге апат себебі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.